Көпірлі крандары бар бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттыңтемірбетон конструкциялары

201
Kshiarikuto
29 марта 2024
  • 0

Формат файлов: .dwg AutoCAD, .docx Word, .pdf
Кол-во чертежей: 2
Категории: Чертежи проекты / На казахском
Тип проекта Курсовой Кол-во листов (чертежей)
Формат .dwg AutoCAD, .docx Word, .pdf 53 (2)
Көпірлі крандары бар бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттыңтемірбетон конструкциялары
Есептер мен сызбалармен дайын курстық жұмыс

Фахверка, Фасады, Разрезы, Фундамент Ферма, Колонна, Расположение арматур
Пояснительная записка 1Пояснительная записка 2Пояснительная записка 3

Есептік-түсіндірме жазбада темірбетон конструкциялары мен элементтерін жобалаудың теориялық негіздері, олардың материалдарының физика-механикалық қасиеттері, әр түрлі жүктемелерден пайда болатын кернеулік күйлерге жұмысы, шектік жағдайлар тәсілі бойынша есептеу ерешеліктері келтірілген.
Ғимарат жылытылатын, 24 м-ден бір аралық, бойлық бағытта ұстын қадамы 12 м, ғимарат ұзындығы 48 м. Орташа жұмыс режимі 10 т жүк көтергіштігі бар көпірлі крандар (әрбір аралықта орналасады). Кран рельсі үсті деңгейі 13 м, кран рельсінің биіктігі 150 мм. Кран асты арқалығы темірбетонды, алдын ала кернеуленген, биіктігі 1,0м, (ұстындар қадамы 12 м болғанда).
Жердің көлденең бетінің 1 м2 қар жүктемесі Sg=1,2 КПа Апаттық жағдайдағы жүктеме 2,1 КПа. Жел жүктемесі W0= 25 м/c жер бетінен 9 м биіктіктегі жел жылдамдығы.. Қысым -0,29 КПа 
Жабынның негізгі көтергіш конструкциясы ретінде алдын ала кернеулі төменгі созылған белдігі бар 24 м аралықпен темір бетонды сегментті ферма таңдалған. Шамдардың құрылғысы қарастырылмайды, цех күндізгі жарық шамдарымен жабдықталады. Алдын ала кернеуленген қырлы темірбетон жабын плиталары өлшемдері 3х12 м.
 
Список чертежей (Сызбалар тізімі):
1. Фахверка, Фасады, Разрезы, Фундамент;
2. Ферма, Колонна, Расположение арматур.
 
Содержание расчетно-пояснительной записки (Мазмұны):
КІРІСПЕ
1. КӨЛДЕНЕҢ РАМАНЫ ЕСЕПТЕУ      
1.1 ЕСЕПТЕУ ҮШІН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР 
1.2 БАҒАНДАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯСЫ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ  
1.3 РАМАҒА ЖҮКТЕМЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ     
2 КӨЛДЕНЕҢ РАМАНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ     
2.1 ГЕОМЕТРИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ 
2.2 ТҰРАҚТЫ ЖҮКТЕМЕДЕН БАҒАНАЛАРДАҒЫ КҮШ    
2.3 ҰСТЫНДАРҒА ҚАР ЖҮКТЕМЕСІНЕН ТҮСЕТІН КҮШ 
2.4 ЖЕЛ ЖҮКТЕМЕСІНЕН ҰСТЫНДАРДАҒЫ КҮШ            
2.5 КРАНДЫҚ ЖҮКТЕМЕЛЕРДЕН ҰСТЫНДАРҒА ТҮСЕТІН КҮШ         
2.6 КҮШТЕРДІҢ ЕСЕПТІК ҮЙЛЕСІМІ
3. ШЕТКІ ҚАТАРДЫҢ ЕКІ ТАРМАҚТЫ БАҒАНАСЫНЫҢ БЕРІКТІГІН ЕСЕПТЕУ
3.1 БАҒАНАНЫҢ КРАН ҮСТІНДЕГІ ТҰТАС БӨЛІГІ
3.2 ҰСТЫННЫҢ ЕКІ ТАРМАҚТЫ КРАН АСТЫ БӨЛІГІ
3.3 АРАЛЫҚ КЕРГІШ.       
4. ШЕТКІ ҰСТЫН АСТЫ ІРГЕТАСЫНЫҢ ЕСЕБІ      
4.1 ІРГЕТАСТЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН АНЫҚТАУ  
4.2 ІРГЕТАС ЭЛЕМЕНТЕРІНІҢ БЕРІКТІК ЕСЕБІ      
4.3 ІРГЕТАС СТАКАНЫН АРМАТУРАЛАУ    
5. СЕГМЕНТТІ ФЕРМАНЫ ЕСЕПТЕУ
5.1 БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
5.2 ФЕРМАҒА ТҮСЕТІН ЖҮКТЕМЕЛЕР
5.3 ФЕРМА ЭЛЕМЕНТТЕРІНДЕГІ КҮШТІ АНЫҚТАУ
5.4 ФЕРМА ЭЛЕМЕНТІНІҢ ҚИМАСЫН ЖОБАЛАУ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
 
Пояснительная записка 4Пояснительная записка 5Пояснительная записка 6 

ХХ ғасырдан бері дүние жүзі бойынша темірбетон конструкциялары мен элементтері үйлер мен ғимараттарда ең көп қолданылатын құрылыс материалы. Ол құрылыс саласына өте үлкен өзгеріс алып келді. Осы қысқаша мәліметтерден байқалғандай-ақ, күрделі құрылыс саласында темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының өзінмдік үлесі өте маңызды, жылдан- жылға олардың қолданылу аймақтары, көлемі арта түспек.
Оның үстіне қазіргі нарықтық өтпелі кезең жағдайында Қазақстан үшін үйлер мен ғимараттарды қайта конструкциялау, нығайту – бұрын тұрғызылған және пайдаланылып келген құрылыстардың функционалдық тағайындалуының, технологиялық тағайындалуының және т.с.с. заман талабының өзгеруіне байланысты көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдер оңтайлы қабылдануы қажет. Бұл жағдайда, әсіресе, көтергіш конструкциялардың беріктік деформациялық қабілеттері ерекше өзгереді, оның үстіне олардың ескіріп-тозуы, зақымдануы да орын алуы мүмкін.
Күрделі құрылыс саласы бойынша қайта конструкциялау қазіргі негізгі бағыттардың біріне айналды, оның көлемі бірте-бірте ұлғаюда. Өзінің ерекшеліктері жағынан қайта конструкциялауды жобалаудың, оны жүзеге асырудың үйлер мен ғимараттарды жаңадан тұрғызуға қарағанда көп айырмашылығы бар.
 
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Құрылыс факультеті
«Ғимараттар және имараттарды жобалау» кафедрасы
Тип проекта Курсовой Кол-во листов (чертежей)
Формат .dwg AutoCAD, .docx Word, .pdf 53 (2)

Похожие материалы

Астана қаласындағы 66-пәтерлі тұрғын үйАстана қаласындағы 66-пәтерлі тұрғын үй

Жылдық өнімділігі 22000 м3 болатын ұялы бетон өндіретін цехын жобалауЖылдық өнімділігі 22000 м3 болатын ұялы бетон өндіретін цехын жобалау

Водозаборное сооружение - Бас то?ан ??рылысыВодозаборное сооружение - Бас то?ан ??рылысы

Бұрандалы түптік қозғалтқыш Д-172Бұрандалы түптік қозғалтқыш Д-172

250 орындық балабақша250 орындық балабақша

Курстық жұмыс тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы екі қабатты, бес бөлмелі жеке тұрғын үй.Курстық жұмыс тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы екі қабатты, бес бөлмелі жеке тұрғын үй.



Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.